"Әлия мен Мәншүк апамыздың ұрпағы". Автоматты шашып жинаған қыз Желідегілерді тәнті етті

Автоматты шашып, қайта жинаған қыз Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Ерлан есімді TikTok қолданушысының парақшасында жарияланды. Ол 3 миллион қаралым, 165 мың лайк жинаған.

Кадрда бойжеткеннің автоматты шашып, жинауына небәрі 23 секунд уақыт жібергенін көруге болады.

@yerlan.narymbekov ?Жігіттер осылай шашып жинай аласыңдар ма?☝? #рек #fyp #muz #реки #рекомендации #fypシ #нвп #автамат #автомат #аружия #уау #erlannarymbekov #ерланнарымбеков #нарымбековерлан ♬ оригинальный звук - ?ERLAN NARYMBEKOV?

Желі қолданушылары аруды қолдап, түрлі пікір қалдырған.

"23 секунд, мықты қыз", "Ыдыс-аяқты 6 секундта жуатын шығар", "Жарайсың, Адайдың қызы", "Мә, не деген жылдамдық", "Көз алдымда шашып жинап тастады ғой", "Жарайсың", "Күнде жаттыға берсе, 15 секунд болады", "Әлия мен Мәншүк апамыздың ұрпағы", - деп жазған олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!