Баспананы қазір сатып алған дұрыс па, әлде жазды күте тұру керек пе? Сарапшылар ойын айтты

Бүгінгі баспана нарығында бағаның тұрақты болмауы көптеген адамды ойландырып қойған мәселе. Баспананы қазір сатып алу керек пе, әлде күте тұру керек пе? Krisha.kz сарапшылары пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшы Наталья Калмыкова жазға қарай баға төмендейді деп ойлау қате екенін айтады. 

"Төмендеген күннің өзінде айтарлықтай байқалмайды. Қайталама нарықтағы баспана арзандауы үшін жаңадан салынған үйлердің бағасы төмендеуі керек. Алайда импорттық құрылыс заттарының қымбат екенін ескерсек, жаңадан салынған үйлер арзандайды деп үміттену бекер", - дейді маман. 

Калмыкова ақша болған жағдайда жылжымайтын мүлік сатып алып қоюды ұсынды. 

"Біріншіден, ол қымбаттамаса, арзандамайды. Екіншіден, ақша құнсызданады. Сондықтан пәтеріңіз болса оны күн сайын не ай сайын жалға беруге болады. Ал қажет болған жағдайда сатып жібере аласыз. Кез келген уақытта баспана сатып алуға болады. Қазір арзандау байқалады, бірақ көптеген сатушы бағаны түсіргісі келмейді. Сондықтан сатуды да әзірге тоқтатып тұр.

Жалпы, маусым аралығында бағаларда қандай да бір айырмашылық болады деп айта алмаймын. Тек үй сатып алу үшін ыңғайлы уақыттар болады. мысалы қыста жеке жер үйлерді сатып алуға болады. Яғни қыста жеке үйлердің жылыту деңгейіне көз жеткізіп ала аласыз", - дейді сарапшы.  

Тағы бір сарапшы Асылан Қалықовтың сөзінше, қазір нарықты "тыныштық" кезеңі. 

"Бұған дейін нарықта жеңілдетілген ипотекалар болған. Қазір олар жоқ. "Баспана Хит" жабылды, "7-20-25" бағдарламасында кейбір проблемалар бар. Қандай да бір маусымдық кезеңді көріп тұрған жоқпын. Нарықта тоқырау болып жатыр, сондықтан баспана сатып алуға болады. Қандай жағдай болмасын пайдалы ұсыныстар болады", - дейді сарапшы. 

Сарапшы Ерлан Сүндетбаевтың айтуынша, баға әлі төмендейді. 

"Сондықтан баспана сатып алу мүмкіндігі бар адамдар кішкене күте тұрса болады. Көктемде нарықтағы сұраныс белсенді болады, ал жазда адамдар келісімшарт жүргізуден демалғысы келеді. Сондықтан жазда маусымға байланысты баға төмендеуі мүмкін деп ойлап отырмын. Ал күзде нарық қайтадан белсенді бола бастайды: сұраныс та артады, меніңше, 3-5 пайызға баға өсуі де мүмкін", - дейді маман.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!