Қазақстанда телефон байланысы тарифі қымбаттады

Қазақстанда телефон байланысы тарифі қымбаттады

"Диапазон" басылымына тұрғындардың бірі телефон байланысы тарифін өзгергені туралы айтқан. "Қазақтелеком" АҚ бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұрын поштада телефонға 1000 теңге төлейтінмін. Бірақ ақпанға 1200 теңге төледім, бұл тек үй телефоны үшін. Тариф өзгерді ме?" - деп Н. есімді ақтөбелік тұрғын басылымға сауал жолдаған. 

"Қазақтелеком" АҚ сұрауға жауап ретінде  №449 "Қазақтелеком "АҚ көрсететін қызмет пакеттеріне тарифтердің өсуі туралы" бұйрығына сәйкес 2023 жылғы1 ақпаннан бастап негізгі телефон үшін абоненттік төлем өзгеріп, 1199 теңге болғанын хабарлаған.

"2023 жылғы 20 наурызда "169" анықтама қызметінің үш рет қызмет көрсетуі үшін Н. абоненттің наурыздағы есебі - 2159,96 теңге, бұл - 1199 теңге және 960,96 теңге - абоненттік төлем", - деп түсіндірді Батыс өңірінің В2С сегментінің коммерциялық директоры М.Амантай.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек