Риддердегі ЖЭО-да тағы апат. Тұрғындар жылусыз қалды

Шығыс Қазақстан облысы Риддердегі жылу электр орталығында тағы апат болды. Қала тұрғындары үйіндегі радиаторлардың суық екенін байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Noks.kz-ке сілтеме жасап. 

Тұрғындардың айтуынша, "Риддер ЖЭО" АҚ-нан келетін тікелей желілік судың температурасы бүгін небәрі 31 градус болған. Жылу орталығында тағы да төтенше жағдай болған екен.

"Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшіріліп, резерв қазандық шұғыл түрде іске қосылды. Күндіз жылу жүйесіндегі температура көтеріледі", - деді тұрғындарға Риддер әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Риддердегі ЖЭО-да өрт шыққан еді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындықты күшейту керегін айтып, Рудныйда құбыр жарылуына байланысты арнайы барғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!