Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің концерттерін болдырмау ұсынылды

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концерттерін тоқтату ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Справедлиявая Россия" партиясының депутаты Яна Лантратова Ресей билігінен рэпердің соғысқа қарсы айтқан сөздеріне қатысты Мәскеудегі концерттерін болдырмауды ұсынған. Бұл туралы ол Telegram-арнасында айтты. 

Ресейлік рэпер және журналист Аким Апачев те ВКонтакте желісіндегі парақшасында Jah Khalib-тің концерттерін болдырмауға шақырған. 

"Мәскеуде Jah Khalib - Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпердің екі концерті биыл өтеді. Ау! Бәлкім, Кремльде бірден Зеленскийдің концертін өткізерсіңдер? Жаудың аты - жау, ол бір концертке бола дос болып қалуы екіталай", - дейді ол.  

Қазақстандық рэп орындаушы 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall және 25 сәуірде Санкт-Петербургте концерті өтуі керек. 

Айта кетейік, Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) - ТМД елдері арасында танымал қазақстандық рэп орындаушы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!