Адам сүйектері жатыр: Желіде "Мойынқұмда болған" сұмдық жайт туралы видео тарады

Адам сүйектері жатыр: Желіде "Мойынқұмда болған" сұмдық жайт туралы видео тарады

Әлеуметтік желіде "Мойынқұмда болған" сұмдық жайт туралы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болды. Желіде тараған видеода айдалада адам сүйегіне ұқсас сүйектер жатқанын көруге болады. Видео авторының сөзінше, оқиға Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында болған. 

@dustvng Мойынқұм #рекомендации#рек#врек#fypシ゚viral#elbruso#fyp ♬ оригинальный звук - Rakhatovich

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті өкілдеріне хабарластық. Ведомство өкілдері өңірде әзірге мұндай дерек тіркелмегенін айтады. 

"Мойынқұмдағы құм көп аймақты алып жатыр ғой. Тіпті бұл расымен Мойынқұмда болған оқиға екеніне сенімді емеспіз ғой. Бүкіл Мойынқұмды аралай алмаймыз. Видео авторы оқиға нақты қай жерде екенін айтса, міндетті түрде бұл деректі тексереміз", - дейді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің өкілі. 

Massaget.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысының Полиция департаментінің ресми өкілдеріне де жауап алу үшін жүгінді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина