Жаңаөзендегі жарылыста үйінділерден тағы бір адам өлі табылды

Жаңаөзендегі жарылыста үйінділерден тағы бір адам өлі табылды

Жаңаөзендегі жарылыста 11:45-тегі жағдай бойынша, үйінділердің астынан әйелдің денесі алып шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі кездегі жағдай бойынша, үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шығарылды. Жалпы, жарылыстан қаза тапқандар саны 4-ке жетті.  

Фото: ТЖМ

6 адам ауруханаға жатқызылды. Үйінділерді талдау жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Артынша зардап шеккендер саны өсті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина