"Арман кінәлі". Аша Матай кино саласынан кетуінің себебін түсіндірді

"Арман кінәлі". Аша Матай кино саласынан кетуінің себебін түсіндірді

Актриса, әнші Аша Матай кейінгі кездері көрермендерін өз шығармашылығымен қуанта алмай жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Төрлетіңіз" бағдарламасына берген сұхбатта айтты.

Әнші Арман Қоңыр жиі гастрольге шығатынын жасырмады. Ал бірақ жарына келгенде мінезі қатал секілді. Сондықтан Аша Матай әзірге шығармашылықтан қол үзіп қалған. 

"Гастрольға шығуға  Арман рұқсат бере бермейді. Актерлік шеберлігімді неге әрі қарай жалғастырмадым? Ол - Арманның кесірі. Рұқсат бермеді, менің ең соңғы кинокартинам "16 қыз" еді. Менің ойымша, онда тұрған ештеңе жоқ. Ол жаман қырынан емес, жақсы жағынан қарап жатыр. Себебі қыз баласына қиын деген сияқты", - дейді Аша Матай.

 Бағдарлама барысында Тоқтар Серіков те Арман Қоңырдың бұл әрекетін қолдайтынын жеткізді.

"Әйелдің күйеуінен артық жанашыры жоқ. Ал күйеудің әйелінен артық жанашыры жоқ. Арманның талабы дұрыс. Менде солай жасар едім. Сұлу, әдемі қызды кино саласына қалай жіберіп қоясың? Мен де Бейбіттің міне өмір бойы күзетшісі болып жүрмін", - дейді Тоқтар Серіков.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы