Желіде жаппай төбелестің видеосы тарады: полиция бұл жайтқа кімдердің қатысы барын анықтады

Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы тарады. Полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео авторының айтуынша, төбелес "Сырдария" мен "Горканал" жауынгерлері арасында болған. Кадрлардан оқиға адам көп жиналатын жерде болғаны көрінеді. Оған жастар да қатысқан.

Жаппай төбелес Жезқазғанда болғаны анықталған. Қарағанды облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Патрульдік полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды анықтап, Жезқазған қаласының полиция басқармасына жеткізді. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полицейлер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!