Бүгін Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Бүгін Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Фото: pixabay

Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорданың Білім басқармасына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 17 сәуірде ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшіріледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астанада бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшкен болатын.

Айта кетейік, 15 сәуірден бастап Астанада қалың қар жауа бастады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек