Ақтөбе-Шарм-эль-Шейх ұшағында бір адам қайтыс болды

Ақтөбе-Шарм-эль-Шейх ұшағында бір адам қайтыс болды
Фото: pixabay

Ақтөбе-Шарм-эль-Шейх бағытындағы ұшақта бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ұшақ Ақтөбеге 15 сәуірде сағат 6 шамасында қонған. Барлық оқиға бортта болған.

Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ ұшып келген кезде жігіт ата-анасына киімін ауыстыратынын жеткізген, ол сол уақытта қайтыс болған. Жолаушы Уфа тұрғыны екені белгілі болды.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Ол 12 минутта келген. Дәрігерлердің айтуынша, ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Өлім себебі белгісіз.

Туыстары мәйітті Отанына алып кеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова