"Адам өзіне қарау керек қой". Бейтаныс біреудің шашын күлкі қылған Нұрлан Еспанов сынға қалды

"Адам өзіне қарау керек қой". Бейтаныс біреудің шашын күлкі қылған Нұрлан Еспанов сынға қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Шетелде бейтаныс біреудің шашын күлкі қылған танымал әнші Нұрлан Еспанов сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok парақшалардың бірінде пайда болды. 

"Ойбай, мынаның шашы қарасаңшы, сұмдық қой. Біздің үйде осындай қораз бар еді. Шашың көрдің бе?! Балта ғой кәдімгі, иә?! Шаш емес қой, сұмдық қой", - дейді ол видеода. 

@tair0303

Нурлан Ага. ??

♬ оригинальный звук - Tair.0303

Желі қолданушылар өнер иесінің мұндай қылығына наразы болып, түрлі пікір қалдырған. 

"Өзінің шашы жетісіп тұрғандай, құлағына жабыстырып", "Қоя салшы, өзінің шашы жетісіп тұр, сабалақ-сабалақ болып", "Өзінің шашына қарамайды, иә", "Адамның физиологиялық көрінісіне күлу, қалжыңдау -  надандық. Өзі әртіс, біреуге күлгені қалай кетті", "Таудан келіп, адам көрмеген ғой", "Адам өзіне қарау керек қой", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек