"Не деген қарапайым". Желіде рэпер Jah Khalib мешіт тазалап жүрген видео тарады

"Не деген қарапайым". Желіде рэпер Jah Khalib мешіт тазалап жүрген видео тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде танымал рэпер, әнші Jah Khalib мешіт тазалап жүргені көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны жариялаған жігіт оқырмандардан оның кім екенін сұраған. Желі қолданушылары әртүрлі нұсқа айтқан. Бірақ олардың арасында Jah Khalib екенін айтқандар да бар.

"Жұмаға ерте барып, барлық жерді жинап тастадық бірге", - дейді видеоны жариялаған қолданушы.

@bakbergens7 Жұмаға ерте барып,барлық жерді жинап тастадық бірге? #мечеть #алматы #jahkhalib ♬ оригинальный звук - SB

Сондай-ақ, пікір жазғандардың бірі бұл Алматыдағы Әль-Хамид мешіті екенін айтқан. Ал Желі қолданушылары оның қарапайымдылығына тәнті болған.

"Міне нағыз қазақ және нағыз мұсылман, танымал екеніне қарамастан Аллах тағаланың үйін жинап жүр, міне жігіт", "Үлкен сауап болады ғой", "Бірден таныдым, жарайсың, не деген қарапайым", - дейді пікір жазғандар.

Кейбір TikTok қолданушылары видеода мешіт тазалап жүрген жігіт танымал рэпер екеніне күмән келтірген. Ал видеоны жариялаған жігіт оған жауап ретінде Jah Khalib-пен бірге түскен суретін салған.

@bakbergens7 Ответ пользователю @ТаКе 2 Баха❤️‍? #рек #jahkhalib #сарыагаш ♬ оригинальный звук - Mal’teeesssers

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова