Алматыда ер адам пәтерінен оқ атқан: Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді

Алматыда ер адам пәтерінен оқ атқан. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласы Полиция департаменті Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде ер адамның пәтер терезесінен оқ атқаны туралы хабарға патрульдік полиция қызметкерлері және полицияның арнайы жасақтары бірінші болып әрекет еткенін хабарлады.

Нәтижесінде, 1959 жылы туған К. есімді ер адам ұсталды. Ол алкогольдік масаң күйде өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. Оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында берілетін болады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!