"Ештеңе салмай отырғаным жақсы еді". Ерке Есмахан жүктілік туралы сұраққа жауап берді

"Ештеңе салмай отырғаным жақсы еді". Ерке Есмахан жүктілік туралы сұраққа жауап берді

Әнші Ерке Есмахан өзін жүкті деп топшылағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Instagram-парақшасында әлеуметтік желіде көптен бері көрінбей кеткенін, 15 сәуір - ғашықтар күнін қалай атап өткенін айтты. 

"Кеше Қозы да жоқ, қой да жоқ, Баян да жоқ. Ғашықтар күнін өткіздік. Сериал көріп, үйде жаттық", - дейді әнші. 

Сонымен қатар, Ерке өзін жүкті деп топшылағандарға жауап берді. 

"Бұл баяғы суреттер. Өтініш, аяғы ауыр деген өсекті әзірге таратпай тұра тұрыңыздар. Ол баяғыда қыз кезімде түскен сурет қой. Неліктен жанынан ішім бар сияқты болып тұрғанын білмеймін. Instagram-ға шықсам осы ғой, бірден өсек, тып-тыныш, ештеңе салмай отырғаным жақсы еді", - дейді Ерке. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина