22 жастағы бойжеткен 3 жасар қызын сатпақ болған

22 жастағы бойжеткен 3 жасар қызын сатпақ болған
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарақалпақстандағы Нөкісте баласын сатпақ болған әйел ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі repost.uz-ге сілтеме жасап. 

22 жастағы ана үш жасар қызын 1,5 мың долларға сатпақ болған. Тәртіп сақшылары заттай айғақтармен күдіктіні ұстады.

Күдікті жұмысы жоғын айтты. Ол баланың әкесімен ажырасқан.

Қылмыстық кодекстің 135-бабы3-бөлігі (адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыз балалар үйіне орналастырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек