"Қажылыққа апарамын деп алдаған". Туристік компания басшысы қамауға алынды

Қажылыққа апарамын деп жүзден аса қазақстандықты алдаған туристік компания басшысы қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап. 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының полиция басқармасына Kausar Travel туристік агенттігінің директорына қатысты алаяқтық дерегі бойынша шара қолдану туралы Шымкент тұрғындары ұжымдық өтінішпен жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша ол Шымкенттегі ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қала прокуратурасы қылмыстық істің материалдарын және ұстаудың негізділігін зерделеп, тергеу органының сот алдында қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қолдады.

Сот қарауының қорытындысы бойынша күдікті адамға қатысты таңдалған бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін қажылыққа баратын 300-ден аса адам тревел компанияға алданғанын хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!