Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстандық сейсмикалық станциялар қызметкерлері күші 4 балдық жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Төтенше жағдайлар министрлігі SOME ЖШС сейсмикалық станциялар желісі өкілдері 2023 жылғы 16 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 07:40-та жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 325 шақырым жерде орналасқан, Қытай мен Қазақстан шекарасында", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.0. Жер астындағы тербеліс 15 шақырым тереңдікте болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!