Ақтауда сұйытылған мұнай газды кәсіпкерлерге бөлу процесі жабық түрде өтіп келген

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы кәсіпкерлерге сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз етпей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл дерек мониторинг жұмыстарының нәтижесінде анықталған. Газ бөлу жөніндегі облыстық комиссияның құрамында қоғам және үкіметтік емес ұйым өкілдері болған. Бірақ олар отырыстарға қатыстырылмаған болып шықты. Сондай-ақ, комиссия отырыстары аудио, бейнежазбаға жазылмаған.

"Біз комиссия отырыстарының ашық болғанын қалаймыз. Өйткені, газ бір кәсіпкерге аз, екіншісіне көп бөлінуі мүмкін. Сондықтан ұсыныстар енгізілді. Соның нәтижесінде қазір қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шын мәнінде комиссия отырыстарына қатысып жатыр, - дейді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасарының м.у.а. Біржан Хайруллин.

Айта кетейік, аймақта сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын 400 ден астам кәсіпкер бар.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!