Астанада боран: барлық бағытқа жол жабық

Астанада боран: барлық бағытқа жол жабық

Астанадан барлық алты бағыт бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті 15 сәуірде Астанада қар жауып, боран соғып, көктайғақ және бұрқасын болатынын мәлімдеген еді.

"Түнде және күндіз ауа температурасының күрт төмендеуінен 5-7 градусқа дейін аяз болады. 112 жедел желісіне 14 сәуірде сағат 14:00-ден бастап әртүрлі сипаттағы 3 мыңнан астам қоңырау түсті. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 2000-нан астам жолға бақылау жасап жатыр. Қатты желдің салдарынан металл конструкциялар, қаптау тақталары, құрылыс қаңылтырлар құлап жатыр, электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан келеңсіз оқиғалар да болып жатыр. Осындай 10 шақты шақыртуға барды құтқарушылар", - дейді ТЖД өкілдері.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда көліктердің барлық түрі үшін алты бағытта да қозғалыс жабылды. Тек Астана-Қостанай тас жолындағы Қажымұқан ауылына дейін жол ашық.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпау, қырағы болу, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау ұсынылады.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина