Әлдекім бір зат лақтырып жіберген: Жапонияның премьер-министрі сөз сөйлейін деп жатқанда жарылыс болды

Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида Вакаяма қаласында сөз сөйлейтін кезде жарылыс болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап. 

"Сағат 11:30 шамасында (астана уақытымен 8.30-да) премьер-министр Вакаяма қаласындағы Саигасаки балық аулау портын тексеруді аяқтап, сөз сөйлеуі қажет болған. Бірақ қатты жарылыс даусы естілді", - делінген хабарламада. 

Киодо агенттігінің мәліметінше, премьер жаққа әлдекім бір зат лақтырып жіберген. 

Оқиға орнында бір адам ұсталды. Ол полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұл деректің мән-жайы анықталып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!