Астанада көшеден әйел өлі табылды

Астанада көшеден әйел өлі табылды

Астанада көшеден әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 14 сәуірде сағат 18:23-те "102" арнасына Сарыарқа даңғылының бойында әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Факті расталды. Әйелдің кім екені анықталды, ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Сарапшының тексеруі кезінде дене жарақаттары табылмады", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан