Астанада күн күрт бұзылып, Щучинскіге дейінгі тасжол жабылды

Астанада күн күрт бұзылып, Щучинскіге дейінгі тасжол жабылды
Фото: QazAvtoJol

Күннің күрт бұзылуына байланысты Астанадан Щучинскіге дейінгі тасжол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі QazAvtoJol-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, көктайғақ) "Астана-Петропавл" тасжолының Астанадан Щучинскіге дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық", - делінген хабарламада.

Ал астаналық полицейлер жүргізушілерге жолда абай болуды ескертті.

"Астанада ауа температурасының күрт төмендейді, жаңбыр түріндегі жауын-шашын қарға ұласады, сонымен қатар көктайғақтың пайда болады. Осыған байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, тежегішті кенеттен баспауды, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Сонымен бірге тұрғындардан ұзақ сапарларға шықпау ескертілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан