Полицейлер Жамбыл облысында жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіден есірткі тапты

Жамбыл облысында полицейлер автокөлікті тексеру барысында артқы жолаушы орындығында сөмкеден салмағы екі келіден асатын "гашиш" затын тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 сәуір күні Жамбыл облысы ПД ППБ қызметкерлерімен республикалық маңызы бар Шу – Қайнар автожолының 56-шақырымында Шудан Алматыға бағытталған жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамаған (ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі) Hyundai Accent маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Полиция қызметкерлеріне күдік тудырған жүргізушінің автокөлігін тексеру барысында артқы жолаушы орындығынан қара түсті сөмкенің ішінен полиэтилен пакетіне оралған 2 келі 828 грамм гашиш есірткі заты табылды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен Қордай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, заттай дәлелдеме ретінде табылған есірткі заты сараптамаға жіберілді.

37 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Күдікті Түркістан облысының тұрғыны екендігі және бұрын сотты болғандығы анықталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!