"Ақша бәйге деп өледі бұлар". Ер адамды басып кеткен көкпаршылар Желідегі жұртшылықты шошытты

"Ақша бәйге деп өледі бұлар". Ер адамды басып кеткен көкпаршылар Желідегі жұртшылықты шошытты

Аламан көкпарда оқыс оқиға болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео TikTok Желісінде пайда болды. Бірақ желі қолданушысының аккаунты бұғатталған. 

Кадрда бір топ көкпаршылар серкеге таласу барысында егде жастағы ер азаматты атпен таптай жөнелгенін байқауға болады. Өкінішке қарай көкпар қай жерде және қай уақытта өткені белгісіз.

Пікірде желі қолданушылары көкпардағы мұндай бассыздыққа өз қарсылықтарын білдірген. Бірақ жазбалардың көбі қырғыз тілінде жазылған.

"Адам өмірі маңызды емес", "Ақша бәйге деп өледі бұлар", "Бізде де тура осындай оқиға болып еді", "Бұл қайда болған оқиға", Адамдарға бәрібір ме?" деген пікірлерде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы