Қонаевта өрт шықты: Тұрғын біреу өртеп, қашып кеткенін айтады

Қонаевта өрт шықты: Тұрғын біреу өртеп, қашып кеткенін айтады

Қонаев қаласында өрт шығып, шамамен үш мың шаршы метрден астам жерді жалын шарпыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдай түскі сағат 15:00 шамасында болды. Өрт қаланың Шығыс ықшамауданында, көл жағасындағы қалың қамыстан шыққан.

Екпінді жел соғып, алау айналаға тез тарай бастады. Жердегі қурай жанып, өрт жеке тұрғын үйлердің ауласын жалмады.

Тұрғындар дереу өртпен күресіп, қолмен сөндіре бастады. Оқиға орнына арнайы техника мен қалалық төтенше жағдай қызметінің мамандары жетіп, өртті ауыздықтай бастады.

"Алау жағалаудағы қамыстан басталды. Меніңше, біреу өртеді де қашып кетті. Қамыс ішінде тракторым тұрған. Соның жан-жағына су шашып, отты ауыздықтадық. Әйтпесе, тез тарап кетер еді", - дейді қала тұрғыны Ербол Ахметов.

Саламат Сабыр

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина