Станислав Канкуров Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

Станислав Канкуров Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды

Станислав Канкуров Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

Бүгін Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының конференциясы өтті.

Іс-шараға Amanat партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, қалалық мәслихат депутаттары, Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық филиал төрағалары, қаланың партиялық активі, сондай-ақ, бастауыш партия ұйымдары мен "Жастар рухы" жастар қанатының өкілдері қатысты.

Конференция барысында Станислав Канкуров партия филиалының төрағасы болып сайланды.

Станислав Канкуров мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Бұған дейін 2021-2023 жылдар аралығында VII шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының төрағасы қызметін атқарған. VI, VII және VIII шақырылымдардағы қалалық мәслихаттың депутаты, партия Саяси кеңесінің және қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатындағы Amanat партиясы фракциясының басшысы.

Станислав Канкуров партияда 11 жыл аудандық филиал басшысынан бастап қалалық партия филиалының басшысына дейін қызмет етті. Партиядағы жұмыс барысында ол 8 сайлау науқанын сәтті өткізді. Соңғы сайлауда ол қалалық сайлауалды штабын басқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек