"Көзбояу!" Астанада Әзербайжан президенті кеткеннен кейін шыршалар қазып алынған

"Көзбояу!" Астанада Әзербайжан президенті кеткеннен кейін шыршалар қазып алынған

Астаналықтар қаланың коммуналдық қызметінің "көзбояуын" сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде Әзербайжан президенті астанаға келгеннен кейін отырғызылып, артынша қайтадан қазып алынып жатқан шырша ағаштары туралы видео тарады. 

"Міне! Ильхам Әлиевтің келуіне орай отырғызылған шыршалар қайтадан қазып алынып жатыр. Ұят! Отырғызып, қайтадан алып жатыр. Былай әдемі тұрған", - дейді видео авторы. 

Есіл аудандық әкімдік өкілдері бұл видеоға қатысты Tengrinews.kz тілшісіне түсінік берді. Олардың сөзінше, видеодағы 5 шырша жақсы өсуі үшін 100 метр жерге қайтадан отырғызылған.  

Аудан әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлы шыршаны басқа жерге қайтадан отырғызуды агрономдар ұсынған. Олардың орнына жөке ағашы мен арша отырғызылған. 

Еске салайық, 10 сәуірде Астана қаласындағы Гейдар Әлиев атындағы көшенің ашылу рәсімі өткен болатын. Шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Астана қаласындағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина