"Сәбиді үйге шығару шарасы шоуға айналды". Перинаталды орталық халыққа үндеу жолдады

Маңғыстау облыстық перинаталды орталығы өңір тұрғындарына үндеу жолдады. Орталық ғимаратқа кіреберісте сәбиді шығарып алу шарасы шоуға айналғанын мәлімдеп, тұрғындардың мұның алдын алуды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облыстық перинатальды​ орталығы баспасөз қызметі мәліметінше, кейінгі кезде ғимаратқа кіреберісте жаңа туған сәби мен ананы шығарып алу шарасы тойға айналып кеткен.

"Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық перинатальды​ орталығы ғимаратының кіреберіс алдында​ ​ сәбилерді​ үйге шығару ​шарасы шоуға​ айналды десек болады... Күнде сағат 14.00-ден​ бастап жұмыс аяғына дейін орталық алды тойдағыдай у-шу, қып қызыл би, қымбат көліктер, шоу бағдарламалар, түрлі аниматорларға толып, тума-туыс, дос-жаран кішігірім той жасайды. Қанша ескертсек ​те қарапайым халық та, аниматорлар да түсінер емес, думан той күнде жалғасып жатыр. Тұрғындар жаңа босанған ана мен өмір есігін ашқанына бір жеті де толмаған сәбиге ерекше күтім мен тыныштық керек екенін біле тұра, баян, домбыра, әншілерді, аниматорларды жалдап, дрон ұшырып, өлең айтып, концерт ұйымдастыруды үйреншікті әдетке айналдырып отыр", - делінген хабарламада.

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы

Ведомство тұрғындарға бұл нысан медициналық мекеме екенін мәлімдеп, түрлі ауыр жағдайлар да болып жататынын ескертті.

"Аса құрметті жерлестер!​ Ең алдымен, біздің орталық - медициналық мекеме. ​ Мұнда тек қуаныш емес, басқа да жағдайлар болып жатады. Бір аналар сәбиін құшағына алып қуанып жатса, кейбірі​ жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатыр Әсіресе, өте аз​ 500,0 -700,0 грамм салмақпен дүние есігін ашып, 2-3 ай бойына арнайы құрылғыларда оңалтудан өтіп жатқан сәбилерге аса қажет тыныштық​ жағдай бұзылуы. Музыканың үні дауыс күшейткіші арқылы қатты шығады​ және ол барлық бөлімге анық естіледі. ​Шулы жағдай медицина ​ қызметкерлерінің​ жұмыстарына да ​кедергі келтіріп отыр. Орталық ғимараты ​типтік ​жобамен салынған, сәбилерді ​шығаруға бөлек​ орын қарастыру мүмкіндігі жоқ", - делінген хабарламада.

Сондықтан орталық тұрғындардан мұндай қадамға бармауын сұрап, қуанышты өз шаңырақтарында тойлауды ұсынған.

"Нәрестені үйге шығару - үлкен қуаныш! Мүмкін заман талабы да шығар. Дегенмен әр нәрсенің орны, шегі болуы керек.​ Перзентхананың​ алдында той-думан ұйымдастырмай, шығаруға 2-3 жақын адамдары келіп, жылдың төрт мезгілінде болатын​ ыстық​ пен суықтың,​ желдің ​жайсыз ​әсерінен ана мен баланы сақтап, ​аман-есен мекеніне жеткізіп, қуанышты өз шаңырағыңызда​ тойласаңыз нұр үстіне нұр болар еді", - делінген ведомство хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!