"Ұлы Мальдив баласы". Төреғали Төреәлі демалысынан ерекше видео жариялады

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдегі демалысынан ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан әнші жұбайымен бірге қыдырып жүргенін көруге болады. Сонымен қатар, ол Мальдив аралында екендерін жырмен жеткізген.

"Халқының жүрегінен жыр кетпеген
Бір кезде су кетсе де табанынан,
Қызылорда Аралдан шыққан ұлың
Жырын жолдап тұр Мальдив аралынан.
Рамазанда ораза тұтқан жанға
Жаратқан жаза берсін сауабынан!!!" - деп жазған әнші.

Желі қолданушылары әншінің жұбайымен ерекше қарым-қатынасына, керемет көрініске жағымды пікірлер жазған.

"Сіздер үшін қуаныштымын. Әр қазаққа осылай демалу бұйырсын", "Ұлы Мальдивы баласы", "Демалыстарыңызды жақсы өткізіңіздер", "Керемет екен", "Әдемі көрініс", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!