Қарағандыда қараусыз қалған бала жалаңаяқ далаға шығып кеткен: Білім бөлімі өкілдері пікір білдірді

Қарағандыда қараусыз қалған бала жалаңаяқ далаға шығып кеткен: Білім бөлімі өкілдері пікір білдірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Балабақша ауласында жалаңаяқ, жалаңбұт жүрген бала Желі қолданушыларының наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео Instagram-парақшаларының бірінде пайда болды. Онда Қарағандыдағы "Ақ бала" балабақшасының ауласында ешкімнің қарауынсыз жалаңаяқ жүрген бала көрінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИНДА ✨ КРГ ✨ КАРАГАНДА ✨ (@in_da_krg)

Қарағанды ​​білім бөлімі өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"Қалалық білім бөлімі өкілдері "Ақ бала" жекеменшік балабақшасында болған жағдай туралы жазбамен танысты. Баланың қараусыз қалып, өз бетімен далаға шығуының себебін анықтау үшін 14 сәуірде балабақшада бейнебақылау камерасының видеоларын зерттеу арқылы қызметтік тексеру жоспарланып жатыр. Балабақша әкімшілігіне балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылады", - делінген хабарламада. 

Желі қолданушылары далаға шығып кеткен баланың қараусыз қалғанына наразылық білдірсе, енді бірі бұл жерде қорқынышты ештеңе жоқ, балабақша жақсы жұмыс істейтінін алға тартқан. 

"Қараусыз қалған бала далада жатқан бір нәрсені аузына салып жеп қойса, сол кезде қиын болар еді. Дұрыстап қадағаламай ма?" "Тәрбиешілер қайда? Неге есік ашық қалған?" "Балам бұл балабақшаға барады, шағымымыз жоқ, тәрбиешілері де жақсы", "Тырнақ астынан кір іздеп, видеоға түсіргенше кіргізбейсің бе баланы", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек