Әнші Жеңіс Ысқақованың анасы өмірден өтті

Әнші Жеңіс Ысқақованың анасы өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-парақшасында айтты. 

"Жаның жәннәтта болсын, жан анам!" - деп жазды әнші. 

Әнші бұған дейін жазбаларының бірінде анасы туралы естелігін бөліскен.

"Ана, бала, немере, шөбере. Ауылға барып қайтқан сайын бір дүнием қап кеткендей артыма қай-қайта қарайлап жолға шығамын. Осы бір асыл дүнием анамды алып кетейін десем, 60 жыл отырған өз Отанымды тастап кете алмаймын, мына балаларымды көрмесем отыра алмаймын" -дейді. Иә, өмірдің заңдылығы осы болар. Анамның өмірінің мәні де сәні де немере, шөбере. Келесі келгенімше аман болыңыз! Алла жар болсын!", - деп жазған Жеңіс Ысқақова. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!