Еркіндік пен табыс. Қазақстанда қанша адам фрилансер болып жұмыс істейді?

Еркіндік пен табыс. Қазақстанда қанша адам фрилансер болып жұмыс істейді?
Фото: pixabay

Қазақстанда миллионнан аса адам фрилансер болып жұмыс істейді. Бұл елдегі жалдамалы жұмысшылардың жалпы санының шамамен 17 пайызы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finprom сарапшыларына сілтеме жасап.

Әлемде де, Қазақстанда да фриланс бағыты танымал болып жатыр. Қарапайым сөзбен айтқанда, фрилансер - өз қызметін ұсынатын еркін жұмысшы.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы дайындаған "Қазақстанның еңбек нарығы: цифрлық шындыққа жету жолында" баяндамасында келтірілген деректер бойынша 2021 жылы елде 1 миллионнан аса адам фрилансер болып жұмыс істеген. 21,8 пайызына немесе 228,3 мың жұмысшы үшін фриланс табыс табудың негізгі жолы болды, ал қалған 78,2 пайызы немесе 820,5 мың адам фрилансер ретінде де, жалдамалы жұмысында да бір уақытта жұмыс істеген.

Осылайша, 2021 жылы жалдамалы жұмысшылардың жалпы жұмыспен қамтылуындағы фрилансерлердің үлесі 16,6 пайыз болды, бұл - айтарлықтай маңызды көрсеткіш.

Өңірлер арасында ең көп фрилансерлер Алматы (244 мың адам) және Астана (133 мың адам) қалаларында, сондай-ақ, Түркістан облысында (93 мың адам) жұмыс істеген. Топ-5 өңірге Шымкент (71 мың адам) және Алматы облысы (68 мың адам) кірді.

Баяндамада фрилансерлер саны жылдан жылға артып келе жатқаны айтылған. Бүкіл әлем локдаунға жабылған кез бұл бағытқа ерекше серпін берді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің маркетплейс ретінде өсіп келе жатқан ролі де маңызды. Facebook, Instagram және YouTube фрилансерлер арасында танымал. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер қала тұрғындары арасында ғана емес, ауыл тұрғындары арасында да танымал.

Мысалы, Tele2/Altel компаниясы 2022 жылы ауылдардағы трафикті тұтыну деңгейі бойынша зерттеу жүргізген. Оператор деректеріне сәйкес, тұтыну көлемі бойынша Алматы және Жетісу облыстарының ауылдары көш бастап тұр.

Facebook, Instagram, TikTok, Vk әлеуметтік желілері Tele2/Altel операторы желісіндегі ауылдардың барлық трафигінің 37 пайызын алады. Жыл басынан бері ауыл тұрғындарының осы қызметтерге жұмсаған жиынтық уақыты - 136 мың сағат (немесе жылдар бойынша 16 жыл).

Әртүрлі саладағы сарапшылар пікірінше, қазір әлеуметтік желілерде ауылдық тиктокерлер мен блогерлер саны көп мөлшерде өскен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова