Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің түрмеден шығуына қатысты пікірін айтты

Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің түрмеден шығуына қатысты пікірін айтты
Фото: видео скрині

Продюсер Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің түрмеден босап шығуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол туралы "Қыздар-ай" бағдарламасының эфирінде айтты.

"Жасыратыны жоқ, шықты. Құдайға шүкір, аман-есен, бәрі жақсы. Мен ол кісімен араласпаймын, бірақ балаларым араласады. "Бұндай керемет әкені көрген емеспін" деп қанша рет, қанша жыл айттым. Бәрі жақсы. Немересіне келеді, менен де көп келеді. Немерем біледі, "ата" дейді. Әйтеуір қызым сыйлықтарымен, жеміс-жидектерімен келіп тұратынын айтты", - деді ол.

Сонымен бірге продюсер бұрынғы күйеуін толықтай кешірген-кешірмегені туралы айтты.

"Мен енді оны айта алмаймын. Маған өте қиын болды. Ажырасу бізде саналы формада болса, басқаша болар еді. Ал кешірдім бе, кешірмедім бе, оны айта алмаймын. Өйткені мұны әлі сезініп көрмедім, бірақ бұл туралы қазір мүлдем ойламаймын. Мен өкпе-ренішпен өмір сүрмеймін", - деді Баян Алагөзова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан