Ертең "Мега Алма-Ата" сауда ойын-сауық орталығында шектеулер болатыны ескертілді

Ертең "Мега Алма-Ата" сауда ойын-сауық орталығында шектеулер болатыны ескертілді
Фото: elements.envato.com

Ертең, 14 сәуірде Алматыдағы Бостандық ауданы Розыбакиев көшесі, 247 "А" мекенжайындағы "Мега Алма-Ата" сауда орталығында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқу-жаттығу міндеттері терроризмге осал объектілерінде лаңкестік актінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған", - делінген Терроризмге қарсы күрес бойынша AҚЖШ таратқан хабарламада.

Сонымен қатар оқу-жаттығу кезінде шектеулер болатыны ескертілді.

"Осыған байланысты біз азаматтарды өткізгелі жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз. Сондай-ақ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын айта кеткен жөн", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан