Қазақстанда Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны ауыстыру және жою қағидалары өзгереді

Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларына өзгеріс енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тиісті заң жобасын Мәдениет және спорт министрлігі дайындады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жоюды Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмейді.

"Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ауыстыруды және жоюды осы Қағидаларда көзделген тәртіппен ғимараттардың (үй-жайлардың) иелері өздерінің еркі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын тігуді жүзеге асырады. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады", - делінген заң жобасында.

Заң жобасын 27 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында талқылауға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!