Астана әуежайы маңындағы ірі өрт сөндірілді

Астана әуежайы маңындағы ірі өрт сөндірілді
Фото: Астана төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндірушілер Астана халықаралық әуежайы аймағындағы ірі қамыс өртін сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"Астаналық гарнизоны өрт сөндірушілерінің күшімен 18:48-де әуежай аумағындағы 3 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге техниканың кіре алмауы және желдің кедергі келтірген", - деді Руслан Иманқұлов.

Еске салайық, 13 сәуірде сағат 12:28-де Астана төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру бөлімшелері халықаралық әуежай маңына барған. Өртсөндірушілер барған кезде 1 гектар аумақта құрғақ қамыс жанып жатқаны анықталған.

Сағат 14.30 жағдай бойынша өрт аумағы шамамен 3 гектар болды.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мәліметінше, өрт әуе айлағы қызметіне әсер етпеген. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан