Алматы облысында жасөспірім өлі табылды: 17 жастағы күдікті ұсталды

Алматы облысында жасөспірім өлі табылды: 17 жастағы күдікті ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысында құрдасын өлтірді деген күдікпен 17 жастағы бала ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 2006 жылғы кәмелетке толмағанның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның мәйіті 11 сәуірде Саты ауылының ішінен табылған.

"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан