Танымал қазақстандық миллиардер Тимур Турлов қызды болды

Танымал қазақстандық миллиардер Тимур Турлов қызды болды

Танымал кәсіпкер, қаржыгер, миллиардер Тимур Турлов қызды болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы кәсіпкер Facebook-парақшасында айтты.

"Қазақ еліне +1 ару! Бүгін қызымыз дені сау болып өмірге келді", - дейді миллиардер. 

Турловтың сөзінше, қызы 3208 келі, 55 сантиметр болып туған. 

Айта кетейік, Тимур Турлов Қазақстандағы ең беделді 50 кәсіпкердің тізіміне кіреді. 1987 жылы Мәскеуде туған. 2010 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келген. Алматыда тұрады. 2022 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина