Ұйықтай алмау, әзіл түсінбеу. Дәрігер альцгеймердің ерте белгілерін атады

Ұйықтай алмау, әзіл түсінбеу. Дәрігер альцгеймердің ерте белгілерін атады
Фото: botkin.pro

Деменцияның ең көп таралған белгілерін өзіңізде немесе жақындарыңызда байқасаңыз дәрігерге барған жөн. 

Альцгеймер ауруының (деменция түрі) дамуын ерте кезеңде анықтау өте маңызды. Бұл аурудың дамуын бәсеңдететін тиімді препараттарды уақтылы тағайындауға көмектеседі, әдетте ауру өте тез дамиды. "Өкінішке қарай, деменция емделмейді, бірақ науқастың жағдайын жеңілдету және жақсартуға болады" деп жазады doctorpiter.

• тамырлы (инсульттің, ми артерияларының атеросклерозының салдары ретінде);

• атрофиялық (Альцгеймер ауруы, Пик ауруы);

• аралас.

Әдетте деменцияның, әсіресе Альцгеймер ауруының белгілері бірінен соң бірі пайда болады. Міне, белгілердің пайда болу реті.

Жад жоғалту

"Егер сіз жиі кілттеріңізді жоғалтып алсаңыз және дүкеннен нан сатып алу керегін ұмытып қалсаңыз, алаңдамаңыз. Бұл белгілер, деменцияның белгісі емес", - дейді дәрігер Саманта Холден.

Жақын адамдарының әдеттегі мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударған жөнү Мысалы, егер адам әрқашан тез есте сақтайтын болса, бірақ қазір ол өлеңнің екі жолын да есіне түсіре алмайтын болса, алаңдарлық жағдай.

Сананың шатасуы

Шатасу – деменцияның алғашқы белгілерінің бірі және бірден пайда болмауы мүмкін.

American Family Physician журналында жарияланған медициналық зерттеуде: "Шатасу 65 жастан асқан адамдарда жиі кездесетін мәселе", - делінген.

Егде жастағы адамдарда шатасу көбінесе деменцияның симптомы саналады, дегенмен ол көңіл-күйдің бұзылуымен және ауыр депрессиямен байланысты болуы мүмкін.

Сананың шатасуының негізгі көріністері – уақыт пен кеңістікте бағдардың бұзылуы, бұрынғы оқиғаларды есте сақтай алмау, шатасу, зейіннің бұзылуы, эмоционалдылықтың жеткіліксіздігі, реакция мен қабылдаудың баяулығы.

Ұйқының бұзылуы

Ұйқының бұзылуы деменциямен тығыз байланысты, кейбір пациенттерде бұл симптом диагноз қойылғанға дейін бірнеше жыл бұрын кездеседі. Сондықтан кез-келген ұйқының бұзылуы - түнде жиі ояну, ұйықтап кету қиындықтары  дәрігермен талқылануы керек, әсіресе ұйқы режимі ұзақ уақыт бойы жоғалып кетсе және ешқандай жолмен қалпына келмесе.

Галлюцинация

Дәрігерлер ақыл-есі кем адамдар елестерді көріп бастайды деп ескертеді. Мәселе адамдар өздерінің галлюцинацияларының шынайы екеніне сене бастағанда.

Әзіл түсінбеу

Әзіл мен юморды түсіну қабілетінің жоғалуы да деменцияның ерте симптомы болуы мүмкін.

Егер бұрын әзілді қалыпты қабылдап жүрген адам кенеттен оған түсінбей ешқандай реакция білдірмейтін болса дәрігерден кеңес алуыңыз керек.

Сипатталған белгілердің біреуінің пайда болуы дәрігермен кеңесудің себебі саналады. Деменцияны диагностикалау үшін арнайы сауалнамалар мен сынақтар қолданылады, мидың магнитті-резонанстық томографиясы жасалады.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер деменциясының ерте басталатын 3 белгісін атаған болатын.

Т. Раушанұлы