WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

Android-тегі WhatsApp мессенджерінің бета-нұсқасында баптаулардан "іздеу" функциясы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Android жүйесіндегі WhatsApp бета қолданушылары 2.23.8.20 нөмірімен мессенджер баптауларының жоғарғы оң жақ бұрышындағы "іздеу" түймесін көре алады, оны басқан кезде қажет функцияны кілт сөздер бойынша іздеуге болады.

Функция арқылы қажет нәрсені іздеу жеңілдетіледі, қолданушылар қажет мүмкіндікті тез таба алады.

Мұндай мүмкіндік бұған дейін Telegram мессенджерінде қарастырылған болатын. Әзірге бұл функция мессенджердің бета нұсқасында ғана қолжетімді. Баптаулар бөлімінен іздеу функциясы WhatsApp-тың тұрақты нұсқасында қашан пайда болатыны айтылмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!