Ресей Сарышаған полигонында зымыранды сынақтан өткізді

Ресей Сарышаған полигонында зымыранды сынақтан өткізді
Фото: pixabay.com

Бүгін, 12 сәуірде Ресей Сарышаған полигонында шартты нысанаға стратегиялық мақсаттағы зымыранын сынақтан өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оны іске қосу қазақстандық тараппен келісім бойынша жоспарлы түрде жүргізілді.

"Бұл ретте зымыран негізінен қатты отынды болып табылады және жойғыш бөліктен тұрмайды. Зымыранды жіберудің мақсаты оның ұшу траекториясын бағалау болып отыр. Жұмыстарды жүргізу барысында қауіпсіздік шаралары сақталды", - делінген хабарламада.

Ведомство одан Қазақстан халқына және қоршаған ортаға қауіп төнбегенін хабарлады.

Айта кетейік, Сарышаған полигонын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасында жасалған халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан