Мақат кентінің жастары Африкадағы жетім балаларға ауызашар берді

Мақаттық еріктілер жасағы қайырымдылық акциясы арқылы Африкадағы ата-анасынан айрылған 60 жетім баланы қолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біздің мақсатымыз қиын жағдайда қалған африкалық балақайларға Рамазан айының мейірімін сезіндіру болды. Ізгі шарамызды Африкаға қолдау көрсетуге арналған қайырымдылық бағытындағы Telegram-арна арқылы жасадық. Telegram-арнадағы әкімші жігіттер әр тиын бойынша есеп беріп отырады. 14 ерікті жас қаржы жинап, Telegram-арнада көрсетілген шотқа аудардық", - дейді ерікті Асылбек Өтегенұлы.

Мақаттық еріктілер енді Африка елінде құдық қазу жұмыстарына атсалысуды жоспарлап отыр.

"Қайырымдылықтың шекарасы болмайды. Африкадағы халықтың ауыр жағдайына қарап отырып, біздің көп шүкіршілік етуіміз керек. Еліміз аман болсын", - дейді ерікті Асылбек.

Баян Жанұзақова

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!