Мұғалімдер, журналистер. ChatGPT кесірінен жойылуы мүмкін 10 кәсіп

Мұғалімдер, журналистер. ChatGPT кесірінен жойылуы мүмкін 10 кәсіп
Фото: chat-gpt.ru

Болашақта ChatGPT чатботы және соған ұқсас AI әзірлемелері бағдарламашылар мен журналистердің орнын басады.

ChatGPT чатботының қолданысқа енгеніне көп уақыт өте қойған жоқ.  Бірақ ол қазірдің өзінде технологиялық қоғамдастықта көптеген дау тудырды. Сарапшылардың айтуынша, ChatGPT және соған ұқсас AI әзірлемелер кейбір кәсіптерге қауіп төндіруі мүмкін.

Business Insider порталының сарапшылары нейронды желінің дамуына байланысты толық немесе жартылай жойылып кетуі мүмкін 10 мамандықты атады.

Олар:

- техникалық мамандықтар (кодерлер, бағдарламашылар, инженер-бағдарламашылар, деректер талдаушылар);

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмыс орындары (бас директор, редакторлар, журналистер);

- заң саласындағы жұмыс орындары (заңгер көмекшісі);

- маркетологтар;

- мұғалімдер;

- қаржылық жұмыс орындары (қаржы талдаушылары, жеке қаржылық кеңесшілер);

- саудагерлер,

- графикалық дизайнерлер;

- бухгалтерлер,

- тұтынушыларға қызмет көрсету агенттері.

Оксфорд университетінің 2013 жылғы зерттеуіне сәйкес, AI (жасанды интеллект) арқасында алдағы 20 жылда америкалық жұмыс орындарының 47%-ы қысқартылуы мүмкін. Бірақ Goldman Sachs зерттеуі генеративті жасанды интеллект дүниежүзінде әртүрлі дәрежеде 300 миллион жұмысшыны алмастыра алатынын анықтады, бұл еңбек нарығында тепе-теңсіздік тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, жасанды интеллект саласындағы кейбір сарапшылар жасанды интеллект жұмыс процесінде көмектесе алады деп есептейді, бірақ қателер мен кемшіліктерді болдырмау үшін оны адам бақылауы керек.

ChatGPT – жасанды санаға негізделген чатбот. Ол оңай және сенімді түрде күрделі сұрақтарға жауап бере алады және пәрмен бойынша проза, поэзия немесе компьютерлік код жаза алады. Ол тіпті өсу көрсеткіші бойынша TikTok әлеуметтік желісінен де асып түсті.

Т. Раушанұлы