"Дубайдағы үйіме жөндеу жұмыстарын жүргіземін". Актер Қайрат Әділгерей кинодан түсетін табысын қайда жұмсайтынын айтты

Актер, дубляж маманы Қайрат Әділгерей жақында көрерменге жол тартатын киносынан қанша қаржы тапқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Динара Сатжанға берген сұхбатында айтты.

"Мен қазақ кинопрокатындағы кассаны жарғым келеді. Маған 2 миллиард керек. Себебі маған Дубайдағы үйдің жөндеу жұмыстарына ақша керек. Енді тек жақсы нәрсеге үміттенеміз. Бірінші кезекте кинопродюсердің мақсаты өз қалтасына ақша салмаса, онда демеушінің берген ақшасын қайтару керек", - дейді актер. 

"Хотя бы кино" фильмінің алғашқы бөлімі халықтың қошеметіне бөленгенін айтты. Ол сол ынта-жігермен екінші бөлімін тез арада түсіруді қолға алып, арнайы Тайландтағы Пхукет аралына жол тартқан.

"Алғашқы бөлімінде еліміздің керемет табиғатын көрсетсек, екінші бөлімінде арнайы Тайландқа бардық. Кино экшн, комедия жанрында болады. Тайландта оның ішінде Ко Нгай аралында кино түсіру үшін рұқсат алу өте қиын, сондықтан біз сол аралдың әкімшілігіне барғанда, "осы Ко Нгай аралы туралы деректі фильм түсіреміз" деп айттық. Енді көрермен жақсы қабылдайды деген ойдамыз. Бастысы жақсылыққа сенеміз" , - дейді Қайрат Әділгерей. 

Айта кетейік, "Хотя бы кино 2" фильмі қалың көрерменге 2023 жылы 27 сәуірде жол тартпақ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!