Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды

Күнсұлу Закария Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Бұдан бұрын Күнсұлу Закария QazBioPharm ұлттық холдингінің басшысы қызметін атқарған болатын.

Ол биологиялық қауіпсіздік, биотехнология және микробиология саласындағы мойындалған маман ретінде белгілі. Күнсұлу Закарияның жетекшілігімен биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және микробиология саласындағы құрамына 200-ден аса ғылыми жоба мен 22 халықаралық жоба кіретін 10 ғылыми-техникалық бағдарламаның орындалуын үйлестіру, мониторинг және бақылау жүзеге асырылды.

Оның ішінде "Қазақстан Республикасының ветеринариялық қауіпсіздігі: эпизотологиялық мониторинг, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға және диагностикаға арналған арнаулы құралдардың сынағы, енгізілуі және коммерциализациясы" ҒТБ; "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі: қауіпті бағалау; оны ескерту мен жоюдың ғылыми-теникалық негіздері" ҒТБ, "Возраждение" аралы аумағының қазақстандық бөлігін шаруашылық айналымға қосуды ғылыми-практикалық сүйемелдеу" ҒТБ, "COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу" ҒТБ-ға жетекшілік етті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина