"Мен неге жылап отырмын?" Гендер патидің видеосы жұрттың көңілін босатты

Желіде ерекше гендер патидің видеосы тарады. Әдеттегідей шар жару немесе торт кесу емес, бұл жолы ата-анасына видео арқылы сәбидің дауысымен баланың жынысы жеткізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист Абай Түзелбай жариялаған видео 1 миллион 100 мың қаралым жинаған.

"Достарымыздың осындай қуанышын ұйымдастырдық, бәріңізге жұғысты болсын", - делінген видеодағы жазбада.

@a.tuzelbai @Kachi @Жанар Салықбаева Достарымыздың осындай қуанышын ұйымдастырдық❤️ бәріңізге жұғысты болсын?? #гендерпати #genderparty #осындайпапакімдебар ♬ оригинальный звук - a.tuzelbai

Желі қолданушылары жантебірентер көріністен көздеріне жас алғанын айтқан.

"Мен неге жылап отырмын?", "Жылап алған мен ғана ма?", "Не деген интрига", "Қандай керемет, жылап отырып көрдім", "Өте ерекше екен жылап алдым", "Қандай керемет сезім! Өзімнің басымнан өтті", "Қайта-қайта көрдім ғой", - дейді Желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!