Мас адам биіктен бала отырған арбаға құлаған: дәрігерлер сәбидің өмірі үшін күресіп жатыр

Мәскеуде жерасты өткеліндегі баспалдақта мас ер адам бала отырған арбаға бірнеше метр биіктен құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ана мен бала қорқынышты жағдайдың алдында Комсомольская алаңындағы жерасты өткелінің баспалдақтарымен жоғары көтерілген. Парапетте (биік нысанның шетіне орнатылған арнайы қоршау - еск.) мас 44 жастағы ер адам отырған. Ол орнынан дұрыс тұра алмай, бала бар арбаға құлаған.

Ауруханада балаға жабық ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!