Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Алматыдан 80 шақырым жерде жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 11 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 17:02-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,8 болды. MPV магнитудасы - 4,6.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!