Аттан құлаған: Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы мерт болды

Аттан құлаған: Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы мерт болды
Фото: Патриот Telegram-арнасы

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Арина Соннова аттан құлап, тасқа соғылған. Кейін алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ол 6 жасынан бастап Осакаровка ауылында каратэмен айналысқан. Жас спортшы республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлерде бірінші орын иеленген. Арина Қазақстан чемпионаты мен кубогының, сондай-ақ, Азия біріншілігінің жүлдегері болған.

Аринаның алғашқы жетістігі Жезқазған қаласында өткен балалар арасындағы ашық аймақтық турнирде бірінші орын алуы еді. Соннованың жеңістерінің ішінде маңыздысы - 2019 жылы Тараз қаласында өткен Азия кубогы. Онда спортшы 2-орын алған. Кубок қорытындысы бойынша Арина каратэ-киокушинкай-каннан Қазақстан құрамасына кірген.

"Арина Соннованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова